Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда 3 жаңа облыс құрылды

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұрынғы Алматы облысынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы құрылды. Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді.

Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы болып бекіді.

Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды.
Жарлық 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz