«Зекет және қайырымдылық» қоры кезекті баспана кілтін табыстады

Авторы: Qyzyljar News

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігі, «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Қасымхан Абдоллаұлы Шал ақын ауданына қарасты Ақсу ауылындағы көмекке мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады. Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті кәсіпкерлер атсалысқан екен.

Мерейлі іс-шарада үйлі болған отбасы игі жобаның басы-қасында жүрген барша жанашыр азаматтарға және мешіт имамдары мен жамағатқа шексіз ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік бұл – еліміз бойынша беріліп отырған 548-ші баспана.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz