Президент өз билігін халықпен бөліседі: Петропавлда «Sarap» сараптамалық клубының отырысы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы оқушылар сарайында «Sarap» эксперттік клубының көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның рөлі туралы. Шараға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік орган өкілдері, СҚО облыстық мәслихатының депутаттары және қазақстандық қоғамдық даму институтының мамандары қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

29 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өткізуді ұсынды. Президенттің айтуынша, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді.

Жиынға қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді талқылады. Нақтырақ айтсақ, Президенттің өкілеттігі, оның қызметіне байланысты шектеулер, Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы, Парламент Сенаты мен Мәжілісін, мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі мен функциялары сөз болды.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов елімізде республикалық референдумға дайындық жұмыстары басталып кеткенін хабарлады.

-Бүгінде елімізде саяси жүйе ауқымды түрде либерализациялануда. Мемлекет пен қоғам арасында Негізгі Заңмен айқындалатын жаңа қатынастар қалыптасуда. Сондықтан, халықтың өзі бұл таңдауды референдум арқылы жасағаны дұрыс болады. Алдағы өзгерістер көптеген салаға еліміз үшін айтарлықтай оң нәтиже береді деген ойдамын,- деді Қазбек Майгелдинов.

СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов референдум өткізу жан-жақты демократияландыру бағытын нығайтатынын айтты.

-Бұл тек саясат үшін ғана емес, геосаясат үшін де, бүкіл әлем үшін де көңіл аударатын оқиға. Қазақстан халқы Конституцияның негізгі баптарын өзгерту туралы шешім қабылдай алатындығы өте маңызды. Президент айтқандай, заң, әділеттілік пен тәртіп біздің гүлденген өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады,-деді Ғани Нығыметов.

Саясаттанушы Самат Нұртаза өз сөзінде референдум өткізу – уақыт талабынан туындаған қажеттілік екенін айтты.

-Көрші елдерде билікті нығайту үшін референдум өткізілді. Ал Қазақстанда керісінше болмақ. Яғни, Президент өз билігін халықпен бөліседі,-деді ол.

 

whatsapp image 2022 05 05 at 11.51.50

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz