Әлихан Смайылов петропавлдық ардагерді құттықтады

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жақында 100 жасқа толғанын атап өткен Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Волкодавты Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-Сіз – аты аңызға айналған жеңімпаздардың бірісіз. Табандылық, қайсарлық пен өр рухтың арқасында Сіз адамзаттың баға жетпес құндылығы – еркіндікті қорғап қалдыңыз. Бүгінде қазақстандықтар бейбіт аспан астында еңбек етіп, жетістіктеріне қуанып, болашағына зор сеніммен қарай алады. Мұның бәріне Ұлы Жеңіс қаһармандарының, соның ішінде Сіздің арқаңызда қол жеткізілді,- деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр біздің міндетіміз – өскелең ұрпақты жоғары патриоттық құндылықтарға тәрбиелеу екенін атап өтті. Валентина Волкодав 1922 жылы 22 наурызда дүниеге келген. 1941 жылы 1 қазанда Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1945 жылы 20 қазанда жауынгерлік жолын аяқтады. 1-ші Белорус және 1-ші Украин майдандарында сержант атағында қызмет етті. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденінің, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері. 1962 жылдан бастап Целиноградтағы Керамика зауытында бухгалтер болып жұмыс істеді, ал 1992 жылдан бастап Петропавлда тұрады. Зейнеткердің төрт немересі және үш шөбересі бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz