СҚО-да көктемгі дала жұмыстары мамырдың 12-сі басталады

Авторы: Qyzyljar News

Биыл өңірде көктемгі дала жұмыстары мамырдың 12-сінен кейін басталады. Солтүстікқазақстандық аграрийлер мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, әр дақылды технология бойынша егеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі бірінші болып бұршақ пен рапс, содан кейін жасымық, зығыр, күнбағыс және картоп, одан кейін жаздық бидай, қыша және сүрлемге жүгері, арыш және соя отырғызылатынын хабарлады.

Диқандар 25 мамырдан бастап сұлы, арпа, қарақұмық және тары егуге кіріседі. Егістік жұмыстары шамамен маусымның 8-не дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Биыл облыстағы егістік алқаптарының 4,3 млн га-на дән сіңіріледі. Оның ішінде 3 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 1 млн га жуық майлы дақылдар. Әлеуметтік маңызы бар қарақұмықтың ауданы 10 мың гектарды құрайды, жасымық 50 мың гектардан, күнбағыс 103 мың гектардан асады. 2,7 млн га жерге 170 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш себу жоспарлануда. Егіс науқанына қажетті техника 100% дайын тұр.

— Биыл агроқұрылымдар 16 млрд теңгеге 702 бірлік техника сатып алды. Көктемгі дала жұмыстарына 71 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Жағдайды бақылап отыру үшін егіс науқанын өткізу бойынша жедел штаб құрылды, — деді хабарлады ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz