Мемлекет басшысы Қазақстан халқын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Өкінішке қарай, қан майданның қияметін басынан өткерген ардақты аға буынның қатары жыл өткен сайын сирей түсуде. Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр. Еліміздің барша азаматтары өздеріңізге бас иеді. Мемлекет соғыс ардагерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Олар қоғамымыздың да құрметін көріп, қамқорлығына бөленуге тиіс, — деді ел Президенті.
Мемлекет басшысы баршаға зор денсаулық, бақ-береке тіледі.