Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай облыс әкімінің бастамасымен солтүстікқазақстандықтар “Мәңгілік алау” мемориалына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— 9 мамыр — барлығымыз үшін ерекше күн. Биыл адамзат тарихындағы қайғылы, сұрапыл соғыстың аяқталғанына 77 жыл толып отыр. Қан майдан әр отбасын қан жылатып, жақындарынан айырды. Бүгін жұртшылықпен бірге “Мәңгілік алау” мен Жеңіс стелласына гүл шоқтарын қойдық. Майданнан оралмаған солтүстікқазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алдық. Біз әрқашан аға буынның ерлігін мақтан тұтып, ардагерлерімізге құрмет көрсетуіміз керек. Біздің елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын, — деді Құмар Ақсақалов.
Теріскейліктер Жеңіс саябағында да батырларды еске алып, гүл шоқтарын қойды.