«SENSITIVE» би театры 15 жылдығын атап өтті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық талантты жастардан құралған «SENSITIVE» би театрына биыл — 15 жыл. Мерейтойға орай Ақан Сері атындағы облыстық филармонияда би театрының қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осы күнге дейін «SENSITIVE» би театры бірқатар халықаралық жобаларға қатысып, талайдың таңдайын қақтырып, үздік атанды. Музыканы құлақпен естімей, жүрекпен сезінетін жандар облыстық филармонияда көрермен назарына еуропалық, латын-америкалық және заманауи билерді ұсынды. Ұжымды өңір басшысының атынан оның орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады.

-Мен ұжымды 15 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Өнер ұжымы көптеген байқаулар мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпаздары екені баршаға мәлім. Биыл бишілер Мысыр елінде 1-інші орын иеленді. Біз бұл ұжымға үлкен үміт артамыз, болашағы жарқын екеніне сенімдімін,-деді СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.

2006 жылы құрылған ұжым дайындық, кіші, орта және ересек топтарға бөлінеді.

-Театр Еуропа, БАӘ және Ресей Федерациясында өткен сайыстарға қатысты. Халықаралық және республикалық байқаулардан жақсы нәтижемен оралып жүрміз. Әр конкурс балалар үшін үлкен тәжірибе. Байқаулардан бөлек атақты бишілер, хореографтар шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады,-дейді «Sensitive» би ансамблінің жетекшісі Ольга Ростовщикова.

Бүгінде ансамбль жазда Калифорнияда өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz