390
«Қазгидромет» филиалының мамандары 2022 жылдың мамыр айында құрғақшылық болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында қатты құрғақшылық болады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы М. Жұмабаев ауданында да құрғақшылық қаупі бар. Ал Ғ. Мүсірепов, Тимирязев және Тайынша аудандарындағы ылғал мөлшері жеткілікті деңгейде.