СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың кесірінен 38 жол-көлік оқиғасы болды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері жануарлардың кесірінен 38 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы кезде қала сыртындағы жолдарда жануарларды соғып кету деректері жиіледі. Жүргізушілер облыс жолдарында сібір еліктері жиі жолығатыны туралы атап өтті. Қызылжар мен М. Жұмабаев аудандарында жолда жануарларды соғып кету қаупі жоғары. Полицейлер жабайы аңдарды қағып кету фактілері түнгі уақытта Ресей Федерациясы шекарасына жақын Омбы қаласына апаратын автожолдарда жиі болатынын атап өтті.Мәселен, 22 қараша күні шамамен сағат 13:00-де JAC Sunray автокөлігін тізгіндеген Қызылжар ауданының 60 жастағы тұрғыны Ишим — Петропавл автожолының 611-шақырымында жолда кенеттен пайда болған сібір елігін соғып кеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Көлік зақымдалып, елік қашып кеткен.

– Жалпы жыл басынан жануарлардың кесірінен 38 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүргізушілерді қауіп туралы жолдарда орналастырылған жануарлардың 27 макеті ескертеді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері осындай оқиғалардың алдын алу және ауыл шаруашылық жануарларының еркін жайылуына жол бермеу бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл басынан қаңғып жүрген мал үшін 4030 адам жауапкершілікке тартылды, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Полицейлер жүргізушілерге түнде, елді мекендердің маңында, орман жақын орналасқан жол учаскелерінде аса сақ болуға және жол жүрісі ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz