Жыл басынан бері СҚО-да инфляция деңгейі 6,7% — ды құрады. Баға наурыз айында күрт өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, былтырғы желтоқсаннан бастап инфляция ай сайын 0,6-0,7% құрады. Наурыз айында – 3,7%-ға көтеріліп, сәуірде — 1,6%-ға төмендеді. Жыл басынан бері көкөністердің құны — 42% — ға, қант — 30% — ға, ұн бағасы 20% — ға қымбаттады. Жарма, сүт өнімдері және еттің құны 8-15% — ға өсті.
Дегенмен, бұл кезде жұмыртқа мен күнбағыс майының бағасы аздап төмендеді. Картоп құны сәуір айында наурызға қарағанда арзанырақ болды.
Аяқ киім жөндеу, пошта, нотариаттық, сақтандыру және парамедициналық қызметтер қымбаттады.
Тұрмыстық техника, киім және аяқ киім, жуғыш заттар және фармацевтикалық өнімдердің бағасы да жоғарылады.