СҚО статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұдан былай департаментті Жорабек Дәуренов басқармақ. Бұған дейін ол бюроның Астана қаласындағы департаментіне жетекшілік етті. Басшыны ұжымға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жетекшісінің орынбасары Мақсат Тұрлыбаев келіп таныстырды.

Жорабек Дәуренов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде бастаған, кейін жеке секторда жұмыс істеген. 2005 жылдан бастап Жамбыл облысы Сарысу әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде еңбек етіп, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Дін істері комитетінің Астана қаласының Дін істері департаментінде жұмыс істеді. 2013-2018 жылдары «Астана қаласының Дін істері басқармасында», «Халықаралық мәдениет және дін орталығында» басшылық қызметте болды. 2018-2019 жылдары «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық есептеу орталығы» ШЖҚ РМК-да Ұлттық санақ бөлімінің бастығы, Өңірлік даму директоры қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы СЖРА Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz