450
Мамырдың 14-і Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Алтын Арман» базарында Айыртау, Тайынша, Шал ақын аудандарынан келген тауар өндірушілердің өнімдері сатылады.
Аққайың, Қызылжар аудандарынан келген тауарлар «Қызылжар-Ақбастау» базарында саудаланады.
Ал «Дария» базарында М.Жұмабаев ауданының тауарлары сатылады.
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев