СҚО-да жылу мәселесі шешілмей тұр

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанның Энергетика министрлігі жылумен қамту мәселелері бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Елімізде жылумен қамту бойынша Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарында проблемалар туындап отыр.

Қазақстан бойынша жылыту маусымы бір қалыпты өткенімен, кейбір облыстардағы жылу желілері шұғыл жөндеуді қажет етеді. Петропавл 2-ЖЭО-дағы қазандықтарды жөндеу және қосалқы бөлшектер табу барысында қаржылық қиындықтар туындаған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жақында өңірге жасаған сапары барысында жергілікті жылу электр орталығында болып, жұмысымен танысты. Үкімет басшысы станцияны қалыпқа келтіру жұмыстарын сапалы әрі жылдам орындау керектігін айтқан еді.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz