432
Облыс орталығында қамыс өртеніп жатыр. Отты көрген тұрғындар мұны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге жариялаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қамыс М.Әуезов және Ғ. Мүсірепов көшелерінің аралығындағы өндірістік аймақта жанып жатыр. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Әзірге қолда бар ақпарат осы.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Қопай» ықшамауданында, «Речпорт» ауданында қамыс өртенген болатын.