Петропавлдық кәсіпкерлердің Салық кодексіне енгізілген түзетулерге көңілі толмайды

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» өңірлік партия штабы мүшелерінің кәсіпкерлермен кездесуінде ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тақырыбы талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлердің көтерген мәселелерінің ішінде қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау, бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік сатып алуларды өткізу, етропавл мектептерін жылу маусымына дайындау, бейбіт митингілерге арналған орындарды анықтау және басқа да сұрақтар бар.

Жеке кәсіпкер Наталья Апретова көп жылдар бойы ойын-сауық агенттігін басқарады, балалар мерекелері мен мерейтойларын ұйымдастырады. Партия штабы мүшелерінің алдында жақында Салық кодексіне енгізілген көптеген өзгерістер мен түзетулерге көңілі толмайтынын айтты.

-Кодекске енгізілген көптеген түзетулер толық емес. Кәсіпкерлер оларды түсінуге уақыттары жоқ. Салық органдары орындауды талап етеді, бірақ барлық нормаларды түсіндіре алмайды. Көбінесе порталда жүйемен проблемалар бар. Мен өзімнің тауар кодымды енгіземін, мысалы, шарлар. Алайда, портал менің планшеттерге тапсырыс бергенімді көрсетеді. Барлық кәсіпкерлерді осы мәселе толғандырып отыр, — деді Наталья Апретова.

Бұл мәселені өңірлік партия штабының мүшелері назарға алды. Қалалық мәслихат депутаты Мұрат Жәкенов енгізіліп жатқан салық реформалары толықтыруды талап ететіндігін қолдады.

-Бұл шын мәнінде қолайсыздық тудырады, бизнес субъектілеріне қосымша жүктеме пайда болады. Кәсіпкерлер жүйемен жұмыс істеу үшін тағы бір менеджерді жалдауға мәжбүр, бұл шығын, бағаның өсуі. Иә, Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді қоғам белсенділері бақылауы керек. Қолайсыздықтар салдарынан ондаған ЖК өз қызметін тоқтатады. Бұл мәселені біз мемлекеттік органдарға жеткіземіз, — деп атап өтті партиялық штабтың мүшесі Мұрат Жәкенов.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев түсіндірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тұжырымдамасы аясында «Таза парақ» жобасы жұмыс істейді. Оған сәйкес бизнес субъектілеріне қойылатын барлық артық талаптар жойылады. Мәселелерді іздеумен және анықтаумен уәкілетті мемлекеттік органдар айналысады. Егер 2023 жылға қарай Салық кодексіне түзетулер мен басқа да талаптар пысықталмаса, онда кәсіпкерлерге қатысты тәртіптік жазалар қолданылмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz