Солтүстікқазақстандық спортшы Фархат Қыстаубаев Бразилиядағы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында жазғы Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі додаға әлемнің 100 елінен жиналған 4 мыңнан астам спортшы қатысуда. Сурдлимпиада ойындарының он екінші күні Қазақстанның жеңіл атлеттері онсайыс бойынша қорытынды шығарды. Нәтижесінше, солтүстікқазақстандық Фархад Қыстаубаев 5400 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Бұл жеңіс Фархадтың 24-ші Сурдлимпиада ойындарындағы екінші медалі. Осыған дейін жерлесіміз 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлде еншіледі.
-Солтүстік Қазақстанның спорт тарихында мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған. Біз спортшымыз бен оның жаттықтырушысының жетістіктерін мақтан тұтамыз, — деді СҚО дене шынықтыру және спорт басшысы Сергей Мелехов.
Фото: ашық дереккөздерден