СҚО-да 2 отбасы «Зекет» қайырымдылық қорының көмегімен баспаналы болды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Зекет» қайырымдылық қоры Новоишимка елді мекеніндегі 2 отбасына тұрғын үй сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қызылжар» орталық мешітіне жұма намазына жиылған жамағат ерекше шараның куәгері болды. Мұнда осы уақытқа дейін жалдамалы пәтердетұрып келген Новоишимка ауылының қос тұрғынына баспананың сертификаттары табысталды.

-Көшіп келгеннен кейін 25 мың теңгеге үй жалдап тұрдым. Руслан имамға өзімнің мәселемді айттым. Қуанышымда шек жоқ. Мұндай көмек көрсетіп жатқан жандарға ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын,-дейді Қажығали Уәлиев.

«Зекет» қайырымдылық қорының өкілдері мешітке келіп, өтініш тастайтын мұқтаж жандар саны күн санап артуда дейді.

— Көбіне біз көпбалалы отбасыларды қарастырамыз. Олардың пәтері бар ма, жоқ па. Жағдайын бәрін білу керек. Сосын ғана көмек көрсету жағын ұйымдастыра бастаймыз. Мешіт жамағаты, кәсіпкерлер бар барлық қайырымды жандар көмек көрсетіп жатыр. Әр бағытта көмек көрсетуге әзір, — дейді «Қызылжар» қалалық мешітінің бас имамы, «Зекет» Қайырымдылық қорының облыстағы өкілі Қасымхан Исаев.

Жыл басталғалы «Зекет» қайырымдылық қоры арқылы 4 солтүстікқазақстандық отбасы баспаналы болды.

Pexels иллюстрациялық фотосы 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz