Осы және 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясындағы басқа да жаңашылдықтар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Ғабит Мүсірепов және Айыртау аудандарындағы кездесулер барысында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Мемлекет басшысы тұжырымдаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі проблемаларды шешу мақсатында бекітті. Жаңашылдық аясында заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша және ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Аталған консультативтік құжаттар «Ашық НҚА» интернет-порталына орналастырылды, — деді Нұрлан Жахин.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту, ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу, халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында ӘҚБтК-ге түзетулер енгізу жоспарланған.
Фото: ашық дереккөзден