Футболдан ел біріншілігінің 11-ші туры аясында «Qyzyljar» клубы атыраулықтармен күш сынасты. Бұл кездесуде қос құрама барларын салып, 6 нәтижелі соққы жасалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесудің 3-ші минутында есепті бірінші болып, «Атырау» командасының аяқдопшысы Амандық Набиханов ашты. Одан кейін солтүстікқазақстандықтар қарқындарына қарқын қосып, есе қайтаруға тырысты. Осылайша, командалар 1:0 нәтижесімен үзіліске тарқасты.
Екінші таймда ойынның 46-шы минутында Андрия Филиппович қызылжарлықтар қақпасына тағы бір гол соқты. Арада үш минут өтіп, петропавлдықтар есеп айырмасын қысқартты. Бұл жолы белгіленген айыпдобын Юрий Бушман сәтті орындады.
Кездесудің 71 минутында «Атырау» қақпасына пенальти белгіленіп, жерлестеріміз таблодағы шотты теңестірді. Тартысты ойынның қорытындысы 3:3 есебімен аяқталды.
Фото: «Qyzyljar СК» футбол клубының баспасөз қызметінен