Облыста 31 сотталған пробация қызметінің талаптарын бұзғаны үшін бостандығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында пробация қызметі есепке алынған 25 жасқа дейінгі жігіттерге тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды. Өйткені биыл тиісті талаптарды орындамағаны үшін 31 сотталған түрмеге отырғызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің ЕС-164/1 мекемесінде Петропавл қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар мекеменің күн тәртібімен, тұру шарттарымен танысты.

-Бұл жігіттер бұрын бас бостандығынан айыру орындарында болмаған. Экскурсияның мақсаты – оларға талапты орындамаған жағдайда қайда келетіндерін көрсетіп, түсіндіру. Мұндай тәжірибені алғаш рет қолданып отырмыз. Бүгін 10 адамды алып келдік. Болашақта тоқсан сайын осындай іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді Петропавл қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы Азамат Мәкенов.

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 4 айдың ішінде 31 сотталушы талаптарды бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылған. Былтыр осы себеппен пробация қызметінің есебінде тұрған 142 адамның жазасы қатаңдатылды.

-Пробация қызметіне бас бостандығынан айырылмаған сотталғандар есепке алынады. Олардың әрқайсысы заңмен көрсетілген белгілі бір талаптарды орындаулары қажет. Алайда жазасын өтеушілердің кейбірі соттың және пробация қызметінің талаптарын орындағысы келмейді. Кейбірі тіпті тығылып, қашпақ болады. Мұндайда сотталғандардың жазасы қатаңдатылып, бас бостандығынан айырылады, — дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz