Өткен жексенбіде облыс жолдарында кәмелетке толмаған 2 велосипедші зардап шекті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Н. Назарбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолында белгісіз автомобиль 4-сынып оқушысын соғып кетті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші келесі күні анықталған.
Осыған ұқсас оқиға Қызылжар ауданында да тіркелді. Соқтығысу салдарынан 7 сынып оқушысы зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді.
– Қазіргі уақытта облыста «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы шеңберінде қызметкерлер оқушыларға профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын түсіндіруде. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналар кәмелетке толмаған балаларына Жол қозғалысы ережелерін айтып отырулары қажет,-деді СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен