СҚО-да жыл басынан бері жолда 5 рет малды соғып кеткен

Авторы: Qyzyljar News

Жыл басынан облыс аумағында мал соққан 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді,- деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қараусыз, емін-еркін жүрген мал жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін. Жүргізушілер, әсіресе қараңғыда барынша сақ болуы қажет.

-Арнайы белгілер, жануарлардың макеттері орнатылған аумақтарда жылдамдықты азайтқан абзал. Өйткені, күтпеген жерден жануарлар шыға келуі мүмкін. Әрі еркін жайылып жүрген малды біреу ұрлап кетуі де ғажап емес, — деді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

8 мамыр күні ымырт үйіріле бастаған шақта Петрефельд ауылының маңында «Ravon nexia» автокөлігі сиыр соғып кетті. Көлік тізгіндеген 43 жастағы қала тұрғыны дәрігер көмегіне жүгінді. Автомобильге зақым келді, ал сиыр апат орнында өлген. Жануардың иесіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік материал жиналды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz