СҚО-да әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 11 мыңға жуық бала лагерьде тегін демалады

Авторы: Qyzyljar News

Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 11 мың бала сауықтыру лагерьлерінде тегін демалады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 71 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында биыл оқушылардың 93 %-ы жазғы демалыспен қамтылатынын айтты.

-1-4 сынып оқушылары үшін 456 мектеп жанында алаңдар жұмыс істейді. 45 мың баланы қамтимыз. 1-9 сынып оқушылары – 6 771 бала үшін 11 сауықтыру лагері жұмыс істемек. Бюджет есебінен мұқтаж отбасылардың 10 816 баласына 100 % сауықтыру демалысы ұйымдастырылады, жергілікті бюджеттен 71 млн теңге бөлінді. Ал қала сыртындағы лагерьлер мен мектеп жанындағы алаңдарда 51 771 бала демалады, — дейді Нәзір Жәшібеков.

Мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы 1 маусымнан, сауықтыру лагерлерінің жұмысы 15 маусымнан басталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде шатырлы лагерьлер, «Жасыл ел» бригадалары, «Жас сарбаз», пікірсайыс клубтары мен түрлі оқу клубтары жұмыс істемек. Оқушылар сарайында мың баланы қамтитын «Жазғы академия» ұйымдастырылады.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz