Петропавл тұрғындары саяжайларға апаратын автобустардың қатынауына байланысты бірнеше рет наразылық білдірді. Қала әкімі Болат Жұмабеков есеп беру кездесуі барысында саяжай бағыттарын субсидиялау жоспарда екенін айтқан болатын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Маусым айынан бастап алғашқы төлемдер басталады. Еске сала кетсек, қыркүйекте барлық автобус бағыттарында «ALEMPEY» электронды төлем жүйесі енгізілді. Жолаушылар ағынын тіркеу және субсидиялау төлемдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында электронды төлем жүйесі саяжай бағыттарында да енгізілді. Қолма-қол ақшасыз төлеу құны-80 тг, қолма – қол ақшамен-130 тг,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев