СҚО-да балаларды оңалту үшін 1 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді

Авторы: Qyzyljar News

Биыл облыста балалардың денсаулығын қалпына келтіру, оңалту үшін 988,5 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Лариса Гордееваның айтуынша, былтыр дәл осы мақсатқа 334,1 млн. теңге қарастырылған. Тәуліктік стационар деңгейінде 1 331 балаға, амбулаториялық деңгейде 4 337 балаға көмек көрсетілді.

-Биылғы жылдың 4 айында оңалту көмегін стационар деңгейінде 318 бала және амбулаториялық деңгейде 1 130 бала алды. Қордың филиалы бұл қызметтер үшін медициналық ұйымдарға 152,9 млн. теңге аударды, — деді Лариса Гордеева.

Маман өткен жылдың қазан айынан бастап көпбейінді облыстық балалар ауруханасы базасында тәулік бойы 28 төсек-орындық және күндізгі 12 төсек-орындық қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесі ашылғанын айтты.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz