Жыл басынан бері қуықтың қатерлі ісігінен 2 солтүстікқазақстандық көз жұмды

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары, онкологиялық орталық директорының міндетін атқарушы Олег Рудяктың айтуынша, қатерлі ісікпен ер адамдар әйелдерге қарағанда ер жиі ауырады. Сырқаттанушылардың жасы әдетте 50 мен 80-ді құрайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маманның айтуынша темекіге әуес жандар қатерлі ісікпен ауыруға бейім келеді. Хлорланған ауыз суды пайдалану да денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Кейбір жағдайларда қуықтың қатерлі ісігі тұқым қуалауы мүмкін.

— 90% жағдайда тұрғындар зәрден қанның анықталғанын айтып шағымданады. 25% — ын зәр шығаруда қиындықтар туындайтынын айтады , — деді Олег Дудяк.

Дәрігер зәрде қанның болуы әрдайым қатерлі ісік ауруының белгісі емес екенін, мұндай жағдай басқа ауруларда да білінетінін ескертті. Алайда, мұндай ауытқылар білінсе, бірден медицина қызметкерлеріне жүгінген абзал. Биыл қуықтың қатерлі ісігінен екі солтүстікқазақстандық қайтыс болды.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz