СҚО-да жарма өндірісі 2 есеге артты

Авторы: Qyzyljar News

Биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 56 млрд теңгеден асты. Солтүстікқазақстандық шаруалар 29 мың тонна мал мен құс етін, 136 мың тонна сүт , сондай-ақ 214 млн-ға жуық тауық жұмыртқасын сатқан. Бұл азық-түлік өндірісінің көлемін 7 пайызға арттыруға септесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстағы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі — 9 пайызға, жарма – 2,4 есеге, ұн – 33,8 пайызға, ет – 24, ірімшік пен сүзбе – 14,3 және макарон өнімі 6,8 пайызға артты. Сонымен қатар, халықты баспанамен қамту — 7,8, құрылыс жұмыстары — 3,6, өнеркәсіп өндірісі 2,3 пайызға өсті.

-Жыл басынан бері өңірге құйылған инвестиция көлемі 65,6 млрд теңгені құрады. Қаржының тең жартысына жуығы ауыл, орман және балық шаруашылығына бағытталған. Соның есебінен биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі мен тамақ өнімдерінің өндірісі артқан,-дейді Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Иманбаев.

Данияр Иманбаевтың айтуынша, биыл бөлшек сауда көлемі 83,9 млрд теңгені құрады. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі — 44,6%-ды, азық-түлік емес тауарлар 55,4%-ды құрады. Көтерме сауда көлемі — 135,1 млрд теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,2 млрд теңгені құрады.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz