Петропавл ботаникалық бағында маракуйя гүлдені, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ботаникалық бақтың директоры Артур Рязаповтың айтуынша, пассифлора лиана санатында. Ал, мәңгі жасыл иаланының барлық түрлері Оңтүстік Американың ылғалды, ашық тропикалық ормандарынан шыққан. Қалғандарының отаны — Австралия, Азия, Африка және Солтүстік Америка.
-Жемістердің 60-80 күнде піседі. Өсімдік өте сезімтал, оған өте ыстық тропикалық жаз қажет. Мысалы, өткен жылы пассифлора тек тамыз айында гүлдеп, жемістердің байлана алмай қалды. Биыл ерте, мамыр айында гүлдеп жатыр. Енді жеміс аламыз деп үміттенеміз, — деді Артур Рязапов.