СҚО-да көпсалалы аурухананың құрылысы белгісіз мерзімге тоқтатылды

Авторы: Qyzyljar News

Көпсалалы аурухананы 2,5 жылда тұрғызып, 2022 жылдың аяғында тапсыру жоспарланған болатын. Бірақ жұмыстар белгісіз мерзімге «тоқтатылды», деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы бұл жобаның жекеменшіктің қаржысына тұрғызылып жатқанын, оған бюджеттен ақша бөлінбегенін хабарлады.

— Жобаны мемлекеттік – жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында жеке компанияның бастамасымен салу жоспарланған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес енді жекеменшік компания Денсаулық сақтау министрлігіне техникалық-экономикалық негіздемені және конкурстық құжаттаманы тапсыруы қажет, — деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, аурухана құрылысы 2019 жылдың соңында басталған. Іргетасын қалауға Қазақстанның сол кездегі Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысқан еді. Жобаны «IDS Group» түрік компаниясы жүзеге асырады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz