СҚО-да аңшыға тіркелмеген қару үшін айыппұл салынуы мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да полицейлер рейд барысында тіркелмеген қаруы бар аңшыны қолға түсірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Шал ақын ауданындағы Жалтыр ауылына жақын көлдің маңында рейд жүргізу кезінде атылған мылтық дыбысын естіген. Тексеріс кезінде көршілес Тимирязев ауданының 3 тұрғыны рұқсат құжаттарынсыз құс атуға шыққаны белгілі болды. 36 жастағы ауыл тұрғынының қолындағы мылтық тіркелмеген болып шықты. Қаруды заңсыз ұстағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа тапсырылады, ер адамға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, үшеуіне қатысты аңшылық ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырылды.

-7-нші мамырдан бастап, суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынғаны туралы еске саламыз. Басқа мекемелердің қызметкерлерімен және қорықшылармен бірге рейдтер тұрақты жүргізіледі. Мақсаты – табиғатты пайдалану саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, өңірдің экологиялық жағдайын сақтау, — деді облыстық табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Жалпы жыл басынан облыста аң аулау ережелерін бұзған – 327, балық аулау ережелерін сақтамаған — 172 факті анықталды. Заңсыз аңшылықпен айналысқан 4 қылмыс ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz