СҚО-да «Ural» мотоциклдері құрастырылады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімдігінде ресейлік «Ural Motorcycles» компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Өңірде мотцикл құрастыралатын болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық -инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Әмриннің айтуынша қазіргі күні облыста компанияның өкілдігі ашылып, басшысы тағайындалды.

— Біз «Ural Motorcycles» басшылығымен кездестік. Олар бізде жылына 1 мыңға дейін мотоцикл құрастыруды жоспарлап отыр. Әзірге олар «Қазтехмаш» зауытының базасында орналасады, бірақ сонымен бірге резервтік алаң іздейді. Киров атындағы зауыт пен бос ғимараттарды қарастыруда. Оларға «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында 160 га бос учаске және тиісті преференциялар ұсынылды. Компания өндірісті дамыту үшін кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуде. Бастапқы кезеңде 25-30 жұмыс орнын ашып, жергілікті мамандарды қабылдайды, — деді Дархан Әмрин.

Оның айтуынша жергілікті атқарушы билік «Қазақинвест» ҰК АҚ, арнайы экономикалық аймақ және инвесторларға қызмет көрсету орталығымен бірлесіп, кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге және «идеядан өнім шығаруға дейін» форматында сүйемелдеуге дайын екенін айтты.

Фото: Ural Motorcycles ресми сайтынан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz