Петропавлда жетімдер баспанасыз қалудан қорқады

Авторы: Qyzyljar News

Қазіргі таңда Петропавлда 1770-ке жуық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінде тұр. Армандаған пәтерін олар 10-15 жыл күтеді. Бірақ баспанаға ие боламыз деген үмітін оқтын-оқтын жететін жағымсыз жаңалықтар бұзып, көңілдерін су сепкендей басады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл Петропавл қаласы әкімдігі жетім балаларға мемлекеттік қордан 120 пәтер бөлінетінін хабарлаған еді. Алайда жергілікті билік өкілдері оларға берілетін үйдің аз екенін айтып, ипотекалық бағдарламаларды немесе жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялаудың жаңа тетігін пайдалануды ұсынған.

-Егер бұрын пәтерлер тегін берілсе, жаңа ереже бойынша біз үйдің құнының 50% төлеуіміз керек. Маған әкімдікте бастапқы жарнаны жинақтау туралы ұсыныс жасады. Мемлекет 50%, біз 50% төлеуіміз керек. Бірақ біз бұл қаражатты жинай алмаймыз. Мұндай ақшаны қайдан аламыз? Мен тек осы пәтерден үміттенген едім, ал биліктің айтып отырғаны мынау, — дейді Кристина Белых.

Қалалық ТҮКШ бөлімі мамандарының айтуынша, бағдарламаны тоқтату туралы әңгіме болмаған, және әзірге жоспарға сай жүргізіліп жатыр.

-Қазақстан Президенті жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаражатты тұрғын үйді субсидиялауға қайта бағыттау туралы тапсырма берді. Бағдарламаны жабу туралы мәселе көтерілген жоқ. Егер келесі жылдары жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінетін болса, онда бағдарлама одан әрі жұмыс істейді және құрылыс жалғасады, — деді қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz