Айыртау ауданындағы Логовое, Қызылжар ауданындағы Пестрое, Жамбыл ауданындағы Жекекөл көлдерінде балық қырылуының себебі белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Балықтың өліміне қыста көлдің тайыз жерлерінің қатып қалуы себеп болған.
-Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ су айдындарындағы ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материал жинау және бақылау үшін көлдерде балық аулап, тағы бір тексеріс жүргізу ұсынылды, — деп хабарлады экологтар.
Қызылжар ауданындағы Пестрое көлі мен Жамбыл ауданындағы Жекекөлді жалға алушыларға балық пен олардың шабақтарын құтқару бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Жергілікті атқарушы органға осы су айдындарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды.