Қазақстанда құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізілуі мүмкін

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметте құрамында қанты бар сусындардың акцизін көтеру мәселесі талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Құрамында қанты бар сусындарға қатысты айтар болсам, Үкімет деңгейінде тиісті талқылау жүріп жатыр. Осы орайда талқылаулар қорытындысы бойынша тиісті мәліметті жариялап, Парламентке келеміз. Біз үшін тиісті теңгерімді сақтау керек, яғни ұлт денсаулығы басты мәселе. Сонымен қатар, кәсіпорындар да зардап шекпеуі керек, бұл кәсіппен шағын және орта бизнес айналысады. Сондықтан осының барлығын егжей-тегжейлі пысықтаймыз, — деді Ерұлан Жамаубаев.

Ерұлан Жамаубаев бұған дейін акциз салықтың жанама түрі болып табылатынын, ал оның үлесі мемлекеттік бюджеттен 5% — дан аспайтынын түсіндірген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz