Қазақстанда жол бойына «электр-бақташы» құрылғылары орнатылуда

Авторы: Qyzyljar News

«ҚазАвтоЖол «ҰК » АҚ қызметкерлері үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мал өткелдерін салу, жолға шығып кетпеуі үшін торлы қоршаулар орнатуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта республикалық трассаларда 280-нен астам мал өткелі және 850 км-ден астам торлы қоршау бар. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар жолдардың 45 шақырымына торлы қоршаудың аналогы болып табылатын «электр-бақташы» орнатылды. Ал Биыл «Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен» тас жолының 126 шақырымында «электр-бақташы» үлгісіндегі құрылғылар орнату жоспарланып отыр. 12 вольтты бұл қондырғы жануарларға қауіп төндірмейді.

Сондай-ақ кешенді бағдарлама аясында республикалық трассаларда 10 мың жол белгілері орнатылып, ауыстырылады. Оның ішінде «Мал өтетін жер» және «Жабайы жануарлар» жол белгілері де бар. Бұдан басқа, республикалық маңызы бар 10 мың шақырымнан астам жолда жол таңбалары жаңартылды. Ал жыл соңына дейін тағы 20 мың шақырым жолда таңбаларды жаңарту жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz