Сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасы бір апта ішінде 0,2% – ға, ай басынан бастап – 0,4% — ға, жыл басынан бері – 15,3% — ға, бір жылда 20,3% — ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
1 аптада картоп бағасы — 1,4%-ға, пияз — 1,9%-ға, сәбіз — 2% — ға қымбаттады. Айдың басынан бері картоп 2,7% — ға, сәбіз 3,2% — ға, пияз 5,6% — ға өскен. Сарапшылар 2022 жылдың сәуірінде жаңа піскен көкөністердің бағасы бір айда 1,7% — ға, ал бір жылда 46% — ға қымбаттағанын айтуда.
Бөлшек сауда нүктелеріндегі картоптың бір килограмының орташа бағасы сәуір айында 180 тг, қырыққабат — 277 тг, пияз — 137 тг, қызылша — 283 тг, сәбіз — 186 тг, қияр — 707 тг, қызанақ 944 тг құрады. Бір ай ішінде, есеп бойынша, пияз 16,2% — ға, қырыққабат — 9,8% — ға, қызылша — 9% — ға, сәбіз — 8,5% — ға, картоп 5,9% — ға қымбаттады. Қызанақ пен қияр, керісінше, сәйкесінше 6,2% және 11,2% — ға арзандады.