СҚО-да тапшы мамандардың тізімін тракторшы бастап тұр

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарға қазіргі уақытта 5,5 мыңнан астам маман қажет. Бұл жағдай жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнама барысында белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары. Жыл сайын кәсіпкерлер палатасы жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізіп, қажет мамандықтардың тізімін анықтайды. Биыл палата осылайша 1700 кәсіпкермен сөйлесіп, өңір бойынша түрлі салаға 5516 маманның қажет екенін анықтады.

– Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына білімді, оқыған азаматтар керек. Мәселен тракторшы мамандығы аса қажет жұмысшылардың ТОП 30-ында көш бастап тұр, — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Бұл жайында кәсіпкерлер палатасы өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер ұстаздары үшін ұйымдастырылған семинар-практикумда айтылды. Іс-шара СҚО кәсіби-педагогикалық колледжде ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушылар ісі өрге басқан екі кәсіпорында болып, жұмысымен танысты.

– Бірінші кәсіпорында сепкіштер мен оған қажет саймандар жасалады. Ал екінші шаруашылықта заманауи машина-трактор орталығы, мал шаруашылығы кешені таныстырылды. Мұндай семинарлар қажет, оқу орындарының ұстаздары қазіргі қолданыстағы жаңа технологиялармен танысады, — дейді Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің ұстазы Юрий Гильгенберг.

Семинар-практикум кәсіби-педагогикалық колледж бен «Петерфельд-Агро» ЖШС арасында меморандумға отырумен аяқталды. Құжат аясында оқу орны шаруашылықтың қажеттілігі мен талаптарын ескере отырып білікті мамандар әзірлеп береді. Ал шаруашылық өз кезегінде студенттерге тәжірибеден өтуге жағдай жасап, оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектеспек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz