Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Манаш Қозыбаев университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесуде ЖОО-ны дамыту және Аризона университетімен серіктестік мәселелері талқыланды. Американың ең ірі жоғары оқу орындарының бірімен ынтымақтастық қарқын алуда. Басты назар қосдипломды білім беру бағдарламаларына беріледі.
-Солтүстікқазақстандық студенттер екі университетте де білім ала алады. Яғни, бір семестр АҚШ-та оқу мүмкіндігі қарастырылған. Осылайша, жастар шетелдің үздік профессорларының дәрісін тыңдап, ағылшын тілін жетілдіре алады. Бұл ертең олардың өзі қалаған жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді,-деді вице-министр.
Фото: М. Қозыбаев университетінің баспасөз қызметінен