Жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына байланысты облыс орталығындағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кеше Кошуков-Сәтпаев көшелері жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты жартылай жабылды. Аталған учаскелер маусымның 30-ына қарай ашылады. Сондай-ақ, 23 мамыр мен 13 маусым аралығында мамандар Брусиловский-Жұмабаев және Брусиловский-Пушкин көшелеріндегі жылу желілерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Шаруа аяқталғанша аталған учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі.
Фото: ашық дереккөздерден