СҚО-да желшешекпен ауырғандар көбейді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері 712 адам желшешекпен ауырған. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны 2,3 есе артты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауырғандардың басым бөлігі — 14 жасқа дейінгі балалар, яғни 635 жеткіншек желшешек жұқтырған.

-Желшешек – тыныс жолдары арқылы таралатын, дене қызуы көтеріліп, бөртпе шығатын жіті инфекциялық ауру. Вирус адамнан адамға жұғады. Сол үшін науқас басқаларымен байланысты азайтуы тиіс. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін созылады. Ауру басталғанда алдымен дене қызуы 39-40 градусқа дейін күрт көтеріліп, бас ауырады. Желшешек кезінде денеге бөртпе шығып, қышиды,-деді баспасөз қызметі.

Желшешекпен ауырғанда көбірек сұйықтық ішкен дұрыс. Егер ұйықтай алмасаңыз, парацетамолды қолдануға болады.

-Балаларда желшешек ересектерге қарағанда жеңіл өтеді. Желшешекпен ауырған адамдарда осы инфекцияға өмірлік иммунитет қалыптасады. Алайда, иммунитет әлсіз болса қайта инфекция жұқтыру қаупі бар,-деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Pexels иллюстрациялық фотосы 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz