Петропавлда 75 жастағы зейнеткерді скутер соғып кетті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Егемен Қазақстан және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 75 жастағы зейнеткерді «WorteX» скутері қағып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Анықталғандай, скутерді 16 жастағы студент тізгіндеген. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

-Қала тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша хаттама толтырылды. Барлық жол қозғалысы қатысушыларын жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Мәселен, жыл басынан облыс орталығында жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың, оның ішінде велосипедшілердің, гироскутер, электр самокаттардың иелерін қоса алғанда 2 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді, — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz