Ақжар ауданына сапары барысында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Паралимпиада-2022 ойындарының қола жүлдегері Александр Герлицтің ата-анасының үйіне қонаққа барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Александр Герлиц Горьковское ауылында туып өскен.
-Кездесу барысында Александр Александрович пен Анна Дмитриевна солтүстікқазақстандық спортшының балалық шағы қалай өтіп, мақсатына жету жолында қандай кедергілерге тап болғанын айтып берді. Өз кезегінде, мен Александр Герлицтей мықты азаматты тәрбиелегендері үшін ата-анасына алғысымды айттым. Саша-біздің мақтанышымыз, оның өмір жолы көпшілік үшін үлгі, — деді Құмар Ақсақалов.
Фото: Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік желідегі парақшаларынан