Соңғы 5 жылда Айыртау ауданындағы Шалқар-Имантау курорттық аймағында туризмді дамытуға 4,3 млрд теңге жұмсалды. Қаржының 70% — ға жуығы жеке инвестициялар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Айыртау ауылынан «Шалқар су» шипажайына дейінгі учаске, «Солнечный VIP» демалыс аймағына кіреберіс жол және «Лобаново-Зеренді» жолдары жөнделді. Айыртау, Саумалкөл, Шалқар, Имантау елді мекендері 2ГИС халықаралық картографиялық компаниясына қосылғанын атап өту қажет. Яғни, бағдарламаға кез-келген демалыс аймағын енгізсеңіз, діттеген жеріңізге қалай жету керектігін көрсетеді. Биыл «Шалқар су» шипажайынан «Сокол» балалар сауықтыру орталығына дейінгі жолды қайта жаңарту жоспарлануда», — деді Айыртау ауданының әкімі Ерболат Бекшенов.
Ерболат Бекшенов бүгінде 44 туризм нысаны жұмыс істейтінін атап өтті. Биыл тағы 11 демалыс орнында туристерге қызмет көрсету аясын кеңейту жоспарлануда.
Фото: ашық дереккөздерден