СҚО экология департаментінің мамандары «Қызылжар Тазалық» ЖШС-на қарайтын Шаховское ауылына барар жолдағы қоқыс полигонына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов тексеріс барысында бірқатар заңбұзушылық анықталғанын айтты.
-Департаментке түскен арыздар мен жерлестеріміздің әлеуметтік желідегі жазбаларының негізінде полигонға тексеріс жүргізілді. Мұнда қоқыс жиі өртенеді. Қалдықтарды сұрыптау желісі болса да, қалдықтарды бөлмейді. Сондай-ақ, полигонға экологиялық кодексте бекітілмеген қалдықтар әкелінгендігі анықталды. Бұл аздай, дұрыс қоршау болмағандықтан, тұрмыстық қалдықтар аумақтың шекарасынан шығып, далада шашылып жатыр, — деді Азамат Бектасов.
Аталған заңбұзушылықтар үшін серіктестікке 200 мың теңгеден асатын айыппұл салынды. Олқылықтарды жою бойынша нұсқама берілді. Департамент сот өкілдеріне полигонның жұмысын тоқтата тұру жөнінде шағым жолдауы мүмкін.
Pexels иллюстрациялық фотосы