Утилизация алымын ескі бағамен төлесеңіз, «Жасыл даму» үстіндегі ақшаны қайтарып береді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату алымының жаңа ставкасы бойынша «Жасыл даму» АҚ-мен консультация өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрдің міндетін атқарушы сәуірдің 29-ы арнайы бұйрық шығарып, кәдеге жарату төлемінің ставкасын 50%-ға төмендетті. Аталған бұйрық 14 мамырдан бастап күшіне енді.

-14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлеме бойынша утильалым төлеген жағдайда «Жасыл даму» АҚ қайта есептеу жүргізеді және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайтарады. Дәйексіз ақпаратқа сенбей, күмәнді хаттарға жауап бермеуіңізді, тек ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа назар аударуыңызды сұраймыз, — деп мәлімдеді етті министрлік өкілдері.

Еске сала кетейік, ақпанның соңында Үкімет утилизациялық алымның жаңа мөлшерін жариялады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, барлық көлік түрі мен ауылшаруашылығы техникасы үшін утилизация алымы 50 пайызға төмендейді.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz