Петропавлда «Open Air» музыкалық фестивалі өтті. Кеште еліміздің танымал әншісі Нұрболат Қанай, «ASIA SOUND» ансамблі, «BRIGHT BAND» тобы және облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Open Air» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында өтті.
-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз», — деп айта кеткен болатын, — дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.
Естеріңізге сала кетейік, 5 -маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша референдум өтеді.
Фото: ашық дереккөздерден