Петропавл тұрғыны алаяқтарға қалай алданғанын айтып, ағынан жарылды

Авторы: Qyzyljar News

Максим Тусаев желілік технологиялардың тілін жетік меңгерген. Сонда да, киберқылмыскерлердің сөзіне иланып, сан соғып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Қоңырау шалған алаяқтар кәсіби түрде сөйлесті. Олар Ұлттық банктенбіз деп айтты. Бұл сөздерін WhatsApp арқылы растап, тиісті құжаттарын жіберді. Осылайша, сөздеріне сеніп қалдым, — дейді Максим.

Максимге оның атына бәзбіреулер несие рәсімдемекші екенін айтқан. Заңсыз әрекеттің жолын кесу үшін шұғыл түрде банктерге барып, менеджерлерге несие беру мақсаты мен қоңырау туралы тіс жармауын сұрапты. Ал қаражатты көрсетілген шотқа аудару керек деген.

– Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы туралы айтқасын, әдейі қарадым, бәрі айтқандарына сәйкес келді, осылайша мені алдап, сан соқтырып кетті, — дейді қала тұрғыны.

Максим киберқылмыскерлердің айтқанын бұлжытпай орындаған. Алданып қалғанын келесі күні бірақ түсініпті. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 319 интернет-алаяқтық тіркелген. 60 жағдайда тұрғындар «банк қызметкерлеріне» сеніп қалған.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz