Полиция департаментінің арнайы мұрағаты арқылы отбасы тарихын түгендеуге мүмкіндік алды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полиция департаментінің арнайы мұрағаты арқылы 200-ден астам азамат отбасы тарихын қалпына келтірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2014 -жылдан бері мұрағатқа 3 бірегей қор тапсырылған. Бұл ХХ ғасырдың 30-50- жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар, тұтқында болған және Германиядан еліне оралған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты іріктелген материалдар, сондай-ақ ақтауға жатпайтын адамдарға қатысты қылмыстық істер.

Жуырда мұрағатқа ХХ ғасырдың ортасындағы көрнекті саяси қайраткер Жұмабай Шаяхметовтің немересі Ринат Шаяхметов жүгінді. Ринат Равильевич атасына қатысты құнды деректермен танысып, тарихи құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берген мұрағат қызметкерлеріне алғысын білдірді.

-Кез — келген адам ақталған немесе бұрынғы тұтқындалған туысы туралы мұрағаттық анықтаманы ала алады. Ол үшін «электрондық үкімет» порталында өтініш беру керек. Кеңесті 8 (7152) 39-41-58, 39-41-40 телефондары бойынша алуға болады. 2014 -жылдан заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтарға және іріктелген материалдарға қатысты қылмыстық істер бойынша 221 мұрағаттық анықтама берілді, — деді СҚО полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасы арнайы мемлекеттік мұрағаты тобының бас маманы Эльмира Валиулина.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz