Петропавлда көлік соғып кеткен 65 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 маусым сағат 12.20 шамасында болған. Қызылжар ауданының 39 жастағы тұрғыны «Nissan» маркалы автокөлігмен келе жатып, Қожаберген жырау көшесі маңындағы жаяу жүргіншілер жолында әйел адамды соғып кеткен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлердің ақпаратынша, 65 жастағы әйел жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.

-Аталған факті негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтайды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілетін іс-шаралардың нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданбақ, — деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz